Ақтөбе: 20 жетім балаға қуаныш сыйлады
ҚМДБ бекіткен “Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының бастамасымен ата-анасынан айырылған 20 балаға қамқор болып отырған Жетесовтар отбасына тарту жасалды. Атап айтқанда, 2 қабатты 4 адамға арналған керует сыйға беріліп, 20 балаға тәтті таратылды.
Асыл дінімізде жетімдерге қамқорлық көрсетудің маңыздылығы негізгі орында. Қоғам ішінде ата-анасынан айырылған баланы жәутеңдетпей, оларды мейірімге бөлеу әрбір мұсылманға міндет болған. Ол туралы ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім Алла ризалығы үшін бір жетімнің басынан сипаса, қолы тиген әр шашы сайын жақсылық болады,»-деп маңыздылығын түсіндірген.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі