30 Мұхаррам
13:23 Бесін
ҚҰРБАН АЙТ ДАЙЫНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ 4562

ҚҰРБАН АЙТ ДАЙЫНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

04 маусым 2025 70 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес Құрбан айт мерекесіне дайындықты пысықтау мақсатында арнайы семинар ұйымдастырылды.

Семинарға ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Қасболатұлы, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, облыстық деңгейдегі халал және пәтуаға жауапты мамандар, сондай-ақ өңірлік қасапшылар қатысты.

Аталған семинарда құрбан айт кезіндегі құрбандық шалу рәсімі, қасапшылардың шариғатқа сай әрі кәсіби біліктілігі, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, сондай-ақ халал стандарттарына сәйкес ет өнімдерін өңдеу жолдары кеңінен талқыланды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі