#Құрбанайт2025 : Облыс имамдары телеарнаға сұхбат берді
Құрбан айт мерекесіне орай Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли мен аталған мешіттің ұстазы Талғат Аманов өңірдегі жергілікті телеарналарға сұхбат берді.
Облыстың Бас имамы «Aqtobe» телеарнасындағы «Сәті түскен сұхбат» хабарында қонақ болып, құрбан айттың шариғаттағы орны, айт намазы, құрбан шалу хикметтері, ұлық мерекеге дайындық туралы айтты.
Сұхбат соңында Амантай Садиев телекөрермендерді Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Ал ұстаз Талғат Аманов «Рика» арнасындағы «Жаңа таң» бағдарламасында қандай малдар құрбандыққа жарамды, үш күн айттағы өкілдікте өтетін мерекелік іс-шаралар жайында кеңінен тоқталса, наиб имам Алмат Әли «Aqtobe» телеарнасындағы тікелей эфирде өткен «Қайырлы таң, Ақтөбе!» бағдарламасында құрбандық еті кімдерге үлестірілетіндігін айта келіп, құрбан шалатын орындарда санитарлық талаптар мен тәртіп ережелері қатаң сақталатындығын баяндады. Сонымен қатар мешіттер жанынан ұйымдастырылатын қайырымдылық шаралары туралы тілге тиек етті.
Одан өзге имамдар мерекелік насихат жұмыстар мен ағартушылық кездесулер Құрбан айтты ұлықтау мақсатында өтетінін мәлімдеді.
Айта кетсек, құрбан айт 6, 7, 8 маусым күндері. Айт намазы 6:30-да оқылады. 5 маусым Арапа күні.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі