18 жетім балаға «Рамазан сыйы» тарту етілді 2580

18 жетім балаға «Рамазан сыйы» тарту етілді

25 наурыз 2023 220 Оқу 1 минут

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті мен «Шырақ» клубы бірлесіп, 40 адамға ауызашар берілді. 

Аталған ауызашарға балалар үйінен 21 баланы өз қамқорлығына алған Жетесовтер отбасы қонақ ретінде шақыртылды.

Ізгі басқосуда облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әли ашып, Рамазан айымен құттықтады.

Қайырымдылық мақсатында өткізілген ауызашарға облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Айнұр Мырзабаева, «Шырақ» клубының белсенді мүшелері қатысты.

Шара барысында облыстағы «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі «Рамазан сыйы» ретінде 10 жетім балаға Кореяда жасалған мектепке ұстайтын дөңгелегі бар өте сапалы сөмкені табыстады. Одан өзге басқада балаларға клуб мүшелері «Рамазан» боксы, күнделікті қажетті киімдер, кілем, төсек-орын жабдығын тарту етті.

Игі бастамаға атсалысқан дін жанашырлары мен кәсіпкерлерге Алла Тағала разы болсын!



 

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі