ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі Атыраудағы балалар үйіне қайырымдылық жасады 2668

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі Атыраудағы балалар үйіне қайырымдылық жасады

21 сәуір 2023 1315 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Алақай» балалар қуыршақ театрында «Райян» еріктілер тобының 3 жылдық мерейтойына орай өткен қайырымдылық шарасына ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Әли Алмат арнайы қатысып, Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының құттықтауын жеткізіп, алғыс хат табыстады. 

Сондай-ақ қайырымдылықтың маңыздылығы турасында насихат айтып, «АЯЛА» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 20 дана жеңсіз күртешемен қайырымдылық көрсетті.

Аталған шара Атырау облысында өз жалғасын тауып, «Райян» еріктілер тобының өтініші бойынша Атырау қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне спорттық құралдармен демеушілік көрсетіліп, қайырымдылық жасалды. Бұл шараға да ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе өкілдігі демеушілік жасады.

Осындай игі іске атсалысқан барша қайырымды жандарға өз тарапымыздан шексіз алғысымызды білдіреміз!

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі