Ақтөбе: 100 отбасыға «Рамазан қоржыны» табысталды 2660

Ақтөбе: 100 отбасыға «Рамазан қоржыны» табысталды

11 сәуір 2023 520 Оқу 1 минут

Бүгін облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қасиетті Рамазан айына орай ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Алмат Әлидің мұрындық болуымен 2 тонна 200 кг қамтитын азық-түлікті қамтыған «Рамазан қоржыны» 100 отбасыға табысталды. 

Қасиетті Рамазан айында сауаптар 100 еселенеді. Яғни, бұл айда жасалған әрбір игі амал ерекше. Осындай жақсылықтың бірі ретінде «Рамазан қоржыны» деп аталатын ауқымды қайырымдылық шарасы облыстық «Нұр Ғасыр» мешітіндегі дін жанашыры азаматтарының зекетінің демеушілігімен өтті.

Сонымен қатар арнайы тізім бойынша шақыртылып, көмек алуға жиналғандардың алдына облыстың Бас имамы Рамазан айымен құттықтап, зекетін беріп, демеушілік жасаған жандарға Алла разы болсын деп игі тілегін білдірді.

«Рахым айында берілген садақаның сауабы еселеп артады. Сондықтан жағдайы бар адамдар ораза кезінде Зекет беруге асыққаны абзал.

Алла Тағала зекетін берген адамның өмірін берекелендіріп, күнәсынан тазартатындығы айтылады. Әбу Һурайра жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әр күні пенделер ұйқысынан оянған уақытта екі періште түсіп, оның біреуі: «Уа, Раббым! Жақсылыққа жұмсаушының дүниесін есесімен қайтар», - десе, екіншісі: «Уа, Раббым! Сараңды шығынға ұшырат», - деп тілейді деген. Аллаға болған құлшылықтың басты мақсаты – адам өзі қалаған ісін емес, Аллаға ұнаған істі істеуі. Яғни, Алланың әмір еткен ісі көңіліне қатты жақын, қимас дүниесі болуы мүмкін. Алайда, адам сол ең жақсы көрген дүниесін Алла жолында бөлісуімен құлдығы шынайыланбақ. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Зекет – Исламның көпірі» деу арқылы әлеуметтік өмірдегі теңдікті сақтаудың негізі екендігін айтқан.

Рамазанда Ардақ Садақбайұлының зекет ретінде таратуы – Алла Тағаланың бұйрығына бағынуы деп бағалаймыз. Біз басқа да кәсіпкер азаматтарды өз Зекетін мұқтаж отбасылармен бөлісіп, осындай сауапты іске атсалысуға шақырамыз»,- деді облыстың Бас имамы.

Шара қортындысында көп балалы т.б аналар ұйымдастырушылар мен кәсіпкерлерге алғысын айтып, ақ батасын берді.

Одан өзге облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы БАҚ өкілдеріне шараның маңыздылығы туралы сұхбат берді.

Айта кетсек, шара барысында көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі т.б 20 отбасыға 500 000 теңгені зекет ретінде 25 000 (жиырма бес мың) теңгені кәсіпкер, депутат, 5 баланың әкесі Ардақ Өтегенов пен 4-ші баласы үлестірді.

Қайырымдылық шаралары әліде жалғасын табады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі