Ақтөбе: Құрбан айттың бірінші күні 3530 отбасыға 17 тонна 650 кг құрбандық еті үлестірілді (ФОТО) 2806

Ақтөбе: Құрбан айттың бірінші күні 3530 отбасыға 17 тонна 650 кг құрбандық еті үлестірілді (ФОТО)

28 маусым 2023 482 Оқу 1 минут

Бүгін, Құрбан айттың бірінші күнінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN-2023» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облысы өкілдігі бойынша 21 іс-шара ұйымдастырылып, 29 ірі қара, 588 қой, 1 түйе құрбандыққа шалынып, 3530 отбасыға жеткізіліп, 17 тонна 650 кг құрбандық еті үлестірілді. 

Онлайн форматта 73 қой, 3 ірі қара шалынып, 3 мекеме мен 470 отбасыға 2 тонна 350 кг ет үлестірілсе, офлайн форматта 515 қой, 26 ірі қара, 1 түйе құрбандыққа шалынып, 3060 отбасыға 15 тонна 300 кг ет таратылды.

Биылғы құрбандық шалу үрдісі де қашықтан және офлайн түрде ұйымдастырылып, qurban2023.kz сайты арқылы жүзеге асты. Атап айтсақ, қашықтан онлайн құрбандық шалуға ниет білдіріп, аталған сайт арқылы мал түрін таңдап, ақшасын аударған жандардың шалған құрбандықтары, сайт арқылы өтінім берген мұқтаж отбасыларға жеткізілуде.

Сонымен қатар арнайы курьерлік қызметпен жеткізілген құрбандық еттерін алған қала тұрғындары «QURBAN-2023» онлайн қайырымдылық акциясын өткізуге атсалысқан жергілікті билік мен облыс, қала, аудан мешіттеріне, жомарт жандар мен еріктілер тобына үлкен алғыс білдіріп, Алланың ризалығы мен сауабын тіледі.

Алла Тағала ізгі ниетпен шалған құрбандықтарымыз бен дұға-тілектерімізді қабыл етсін!

 

Ақтөбе облыстық орталық 

  «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі