Ақтөбе: Құрбан айттың үшінші күні  347 отбасыға 5 тонна 530 кг ет таратылды (ФОТО) 2813

Ақтөбе: Құрбан айттың үшінші күні 347 отбасыға 5 тонна 530 кг ет таратылды (ФОТО)

30 маусым 2023 522 Оқу 1 минут

Бүгін Құрбан айттың үшінші күнінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN-2023» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облысы өкілдігі бойынша 16 іс-шара ұйымдастырылып, 84 қой, 18 ірі қара құрбандыққа шалынып, 347 отбасы мен 3 мекемеге жеткізіліп, 5 тонна 530 кг құрбандық еті үлестірілді. 

Онлайн форматта 12 қой шалынып, 72 отбасыға 360 кг ет таратылса, 1 ірі қара шалынып, 40 отбасыға 200 кг берілді. Ал офлайн форматта 72 қой шалынып, 179 отбасыға және 3 мекемеге 1 тонна 970 кг ет таратылса, 17 ірі қара шалынып, 56 отбасы мен 1 мекемеге 3 тонна ет үлестіріліп, ұлық мереке Құрбан айт қарсаңында аз қамтылған, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға қуаныш сыйланды.

ҚМДБ көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында биыл да құрбан шалуды офлайн және WWW.QURBAN2023.KZ сайты арқылы онлайн жүзеге асты.

Уәде етілгендей құрбан шалушылардың барлығына бейне есеп жолданды. Құрбан малдары шариғат талаптарына сай сойылып, мұқтаждарға үлестірілді.

Онлайн тапсырыс қабылдау, көмек сұрағандарды тізімге алып жеке-жеке хабарласу, шатасып кетпей құрбан малына бата беру, видеоға түсіріп құрбан шалуға есеп жіберу, таразымен өлшеп теңдей бөліп пакеттеу, мекен-жайын дәл тауып етті жеткізу – міне, осының барлығы да жұмысшы топқа жүктелген жауапты міндет болды. «Адамға алғыс айтпағанның, Аллаға шүкірі жоқ» демекші, атсалысқан барша азаматтарға ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі атынан шынайы алғыс білдіреміз. Алла бірлігімізден айырмасын. Жасаған ісімізді сауаптан жазғай!

Қайырымдылық акциясы арқылы көмек алған жандар ұйымдастырушыларға алғысын білдіруде.

Алла Тағала ізгі ниетпен шалған құрбандықтарымыз бен дұға-тілектерімізді қабыл етсін!

Айта кетсек, Құрбан айттың жалпы 3 күнінде 4845 отбасы мен 10 мекемеге 33 тонна 565 кг құрбандық еті таратылды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі