МЕШІТ ИМАМЫНА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ 2971

МЕШІТ ИМАМЫНА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

06 қазан 2023 98 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясының 684-пәтер кілтін табыстады.

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қалалық орталық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің имамы Асан Нұрланұлы ҚМДБ Төрағасының қолынан қызметтік баспана кілтін алды.

Айта кетейік, «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» атты қайырымдылық акциясы аясында баспанаға мұқтаж жандарға, соның ішінде көпбалалы, жалғызбасты, мүгедектігі бар, сондай-ақ дін саласында қызмет етіп жүрген имам-ұстаздарға пәтер беріп келеді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі