Ақтөбе: Құрбан айттың екінші күні 941 отбасыға 10 тонна 385 кг ет таратылды (ФОТО) 2810

Ақтөбе: Құрбан айттың екінші күні 941 отбасыға 10 тонна 385 кг ет таратылды (ФОТО)

29 маусым 2023 401 Оқу 1 минут

Бүгін, Құрбан айттың екінші күнінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN-2023» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облысы өкілдігі бойынша 27 іс-шара ұйымдастырылып, 241 қой, 25 ірі қара құрбандыққа шалынып, 941 отбасыға жеткізіліп, 10 тонна 385 кг құрбандық еті үлестірілді. 

Онлайн форматта 20 қой шалынып, 100 отбасыға 500 кг ет таратылды. Ал офлайн форматта 221 қой шалынып, 683 отбасыға және 3 мекемеге 5 тонна 695 кг ет таратылса, 25 ірі қара шалынып, 158 отбасы мен 3 мекемеге 4 тонна 690 кг үлестіріліп, ұлық мереке Құрбан айт қарсаңында аз қамтылған, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға қуаныш сыйланды.

ҚМДБ көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында биыл да құрбан шалуды офлайн және WWW.QURBAN2023.KZ сайты арқылы онлайн жүзеге асырып отыр.

Қайырымдылық акциясы арқылы көмек алған жандар ұйымдастырушыларға алғысын білдіруде.

Алла Тағала ізгі ниетпен шалған құрбандықтарымыз бен дұға-тілектерімізді қабыл етсін!

Айта кетсек, Құрбан айттың бірінші күні 3530 отбасыға 17 тонна 650 кг құрбандық еті таратылды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі