Серікжан Еншібайұлы көпбалалы және жалғыз басты аналарға құрбан сыйын жасады 2812

Серікжан Еншібайұлы көпбалалы және жалғыз басты аналарға құрбан сыйын жасады

30 маусым 2023 4721 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы көпбалалы, аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі отбасыларды, жалғыз басты аналарды Құрбан айтпен құттықтады.

«Күллі мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке мейірім мен шапағаттың, ізгілік пен жомарттықтың қазығы ретінде қоғамның рухани-адамгершілік негізін нығайтуға ықпал етеді. Берекеге бастаған құрбан айт ұлттар мен ұлыстарды мейірімділікке, игілікке, бірлікке, мейірім мен кешірімге үндейді. Айт – ағайынның ауызбіршілігін арттыра түсетін, мұсылман қауымын имандылыққа ұйытып, барша адамды қанағат пен тәубеге шақыратын мейрам»,-деді Серікжан Еншібайұлы.

Облыстың бас имамы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN-2023» қайырымдылық акциясы аясында ұлық мереке туралы насихат айтып, құрбан етін үлестірді.

Игі бастама арқылы қуаныш сыйлаған имамдарға аналар алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі