Дін жанашыры 10 шәкіртке қуаныш сыйлады
Шалқар ауданында дін жанашыры, кәсіпкер азамат «Жылулық сыйла» акциясы аясында Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің жанындағы Шалқар қайырымдылық мекемесінде тәлім алып жатырған шәкірттерге 10 аяқ- киім сыйға тарту етті.
«Мешіт шәкірттерінінің қуанышына үлесіміз тисе қуанамыз. Имам, ұстаздарымыз еш қиналмастан ұлтымызға, асыл дінімізге аянбай қызмет етіп жүре берсін. Жақсылығымыз көп болсын!» дейді кәсіпкер.
Осы бір қуанышты сәтке ортақ болған ұстаз Жұлдыз Тлеубай мен әйел жамағаты атымтай жомарт жанға ризашылығын білдіріп, кәсібіне береке тіледі.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі