Науқасқа 1 400 000 теңге көмек көрсетілді 4124

Науқасқа 1 400 000 теңге көмек көрсетілді

31 қаңтар 2025 305 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіне сырқатына байланысты өтініш бідірген кісінің еміне қасиетті жұма күні 1 400 000 теңге қаражатты табыстады.

Адам баласы Алла Тағала берген несібенің белгілі бір бөлігін мұқтаж жандарға беріп, жәрдемдесуі арқылы, зор сауапқа кенеліп, мал-дүниесіне береке кіреді. Ол адам үшін періштелердің өзі дұға жасап, тілек тілейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді:


مَا مِنْ يَوْمٍ يُصْبِحُ الْعِبَادُ فِيهِ إلا مَلَكَانِ يَنْزِلانِ فَيَقُولُ أَحَدُهُمَا: اللَّهُمَّ أَعْطِ مُنْفِقًا خَلَفًا وَيَقُولُ الآخَرُ: اللَّهُمَّ أَعْطِ مُمْسِكًا تَلَفًا


«Әр күні Алланың құлдары оянатын уақытта, көктен екі періште түсіп, олардың бірі: «Иә, Алла, дүниесін (сауапты істерге) жұмсағандардың дүниесін толықтыр!» – десе, екіншісі: «Иә, Алла, сараңның ісін опат қыл!» – дейді» (Имам Бұхари, Мүслим).

Бас ауруы ісігі диагнозы бойынша Түркия елінде ота жасалып жатқан Калешова Динара есімді азаматшаға мешіт жамағаты жинап берген қаражатты ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысындағы өкілі Әлі Алмат жамағаттың алдында табыстады.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі