Әйтеке би: Қайырымдылық шарасы өтті 3605

Әйтеке би: Қайырымдылық шарасы өтті

09 қыркүйек 2024 317 Оқу 1 минут

Әйтеке би аудандық мешітінде қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.

Аталған іс-шарада өңірімізде су тасқыныннан зардап шеккен және көмекке мұқтаж 20 отбасыға 5 қойдан 100 еділбай қойы табысталды.

Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісі айналасындағы адамдарға деген ықпалы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынасы арқылы білдіреді.

Айта кетсек, қамқорлыққа зәру жандардың қамқоршысы болып, жомарттық танытып жүрген «WestGoldMining» компаниясы қайырымдылық көрсетті.

«Бір адам жаққан отқа мың адам жылынады» демекші, ел еңсесін биіктетіп осындай мейірімді істер жаңаша жеңістерге бастай берсін!

Алла Тағала қайырымдылық істе атсалысқан барша азаматтарға разы болсын!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі