Қар құрсауында қалған 34 адамға көмек берілді
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жылдық жоспарына сәйкес имамдар қоғамда ізгі амалдар мен қайырымдылықты жасауды одан әрі жүйелі түрде атқаруда. Мұғалжар ауданында ақ түтек бораннан жүре алмай жолда қалған адамдар, оның ішінде балалар да бар.
Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласындағы «Қадірәлі ата» мешітінде қар құрсауында қалған жолаушыларға жамағат тарапынан көмек берілді.
Ауа райының күрт өзгеруі нәтижесінде 20 ер, 7 әйел адам,7 кішкентай бала мешітке түнеп шықты. Ал ақпан айының 22-сі күні таңертең жол ашылғаннан кейін жалаушылар сапарға қайта шықты. Сапаршыларға үйлеріне оралғанға дейін деп дін жанашыры жамағат жәрдем берді.
Жолда қалған азамат ішінде Өзбекстан азаматтары, Шымкент қаласының, Темір мен Байғанин ауданының азаматтары бар.
Жолаушылар бас мүфти мен имамдардың бұл әрекетіне разы болып, алғыстарын білдірді.
Алла Тағала барша жолда қалған бауырларымызға амандық беріп, аман-есен отбасыларына оралуын нәсіп етсін!
Айта кетсек, игі бастама ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына орай жыл бойы түрлі апаттық жағдайда (су тасқыны, өрт салдары, ауа райының қолайсыздығына байланысты қар қоршауы) жақыныңа жанашыр болу мақсатында қайырымдылық көрсетіліп келеді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі