Темір: Құмқұдық ауылында мешіт жанынан заманауи үлгіде асхана ашылды
Қасиетті Рамазан айында Темір ауданы, Құмқұдық ауылында мешіт жанынан заманауи үлгіде асхана ашылды.
Асхана құрылысын Құмқұдық ауылының түлегі, жеке кәсіпкер Досбол Болатұлы жүргізіп, 1 жылда іске қосты.
Ізгі шараның ашылуына ауданның Бас имамы Зарлық Ералин, ақсақалдар, жамағат т.б қатысты. Ауыл тұрғындары Досбол Болатұлына халыққа жасаған жақсылығы үшін алғыстарын білдірді. Ал ауыл ақсақалы Қазмұханов Тыныштық бата берді.
Айта кетсек, асхана сыйымдылығы 100 адам.
Сонымен қатар ауданның Бас имамы Ералин Зарлық сауапты іске мұрындық болған Досбол Болатұлына алғыс айтып, жиналған қауымға Ислам дініндегі сауабы үзілмейтін садақа жария және уақып ұғымының мәнін ашып түсіндірді.
Одан өзге Досбол Болатұлына және асхана құрылысына үлес қосқан ауыл азаматтарына Темір ауданы әкімі Алмас Жақсылықұлы атынан алғыс хатты Құмқұдық ауылдық округі әкімі Рашев Роман табыстады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешіінің баспасөз қызметі