Хромтау: Аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық жасады
Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» «ТАЙҚАЗАН» жобасы аясында аз қамтылған 15 отбасыға азық-түлік үлестірілді.
Ізгілікті насихаттаған шарада «Нұр» мешітінің ондық ақсақалы Баяндин Жақсығали «Қайырымдылық – сауабы мол амалдың бірі» екендігі туралы айтып, отбасыларға азық-түлік қоржынын табыстады.
Шара қортындысында көмек алған отбасылар мешіт имамдарына алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі