Облыстық мешіттің имам-ұстаздары Рамазан айы туралы сұхбат берді
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әли мен облыстық мешіттің ұстазы, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде «Шариғат және Пәтуа» бөлімінің жауапты маманы Талғат Аманов өңірдегі телеарналарға Рамазан айы туралы сұхбат берді.
Наиб имам «Aqtobe» телеарнасындағы «Қайырлы таң, Ақтөбе» бағдарламасында ҚМДБ Халал Дамудың сертификатын алған тамақтану орындарының мониторниг қалай жасалатындығын айтып, Рамазан айында ауызашар мен сәреге жасау дайын екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар жуырда ғана бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «сәресін сухур, ауырашарды ифтар деп айтудан аулақ болайық» - деген үндеуін ақтөбелік кәсіпорын иелері қолдап, мәзірлерге дейін қазақша атауда деді.
Ал ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде «Шариғат және Пәтуа» бөлімінің жауапты маманы «Рика» телеарнасындағы «Жаңа таң» бағдарламасында қонақ болды. Ұстаз бағдарлама барысында Рамазан айының маңызы мен сауабын баяндады.
Одан өзге тарауих намазы туралы айтып, Қадір түнінің қасиетіне де тоқталды. «Пітір», «фидия» аясында қойылған сұрақтарға да тұщымды толыққанды жауап берді.
Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, биылғы Рамазан айы 1 наурызда басталады деп бекітті. Ал наурыз айының 26-нен 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – ораза айт мерекесі. Рамазан айына ғана тән құлшылық – тарауих намазы Оразаға бір күн қалғанда, яғни 28 ақпанда басталады. Биыл пітір мөлшері 655 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды»,- деді баспасөз маслихатында облыстың Бас имамы Амантай Садиев.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі