«Ерекше балалар» қоғамдық бірлестігі мекемесіндегі балаларға қуаныш сыйлады 3815

«Ерекше балалар» қоғамдық бірлестігі мекемесіндегі балаларға қуаныш сыйлады

13 қазан 2024 226 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлының бастамасымен мүмкіндігі шектеулі ерекше балаларға азық-түлікпен сый жасалды. 

Ақтөбе облыстық «Ерекше балалар» қоғамдық бірлестігі мекемесіне арнайы барған мешіттің бас имамы балалардың жағдайы мен көңіл-күйлерін біліп, олардың ата-аналарымен сұхбаттасты.

Сонымен қатар Алла Тағала тағдырға жазған сынаққа сабыр етулің маңыздылығы мен сауабы туралы түсіндіріп өтті.

Ерекше жаратылыспен дүниеге келген балаларға риясыз ниетпен көңіл білдіріп, қамқорлық жасаған мешіт ұжымына мекеме басшылығы алғыс білдірді.

Айта кетсек, елімізде қазанның екінші жексенбісі мүмкіндігі шектеулі жандар күні.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі