Шалқар: Балаларға «Рамазан тәттілері» таратылды
Шалқар ауданында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айының жоспарына сай Шалқар ауданында қасиетті айды насихаттау мақсатында балаларға «Рамазан тәттілері» таратылды.
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» және қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұйымдастыруымен Рамазан айының құрметіне орай балаларға түрлі тәттілер салынған 50 қоржын тарту етілді.
Игі шарада Шалқар ауданының имамдары Рамазан айының мейірімділік айы екенін сезіндіру және балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатымен бүлдіршіндерді «Рамазан тәттісі» сыйлықтарымен қуантты.
Сондай-ақ Бегімбет ауылдық «Бегімбет» мешітінің ұйымдастыруымен Рамазан айының құрметіне орай 200 балаға тәттілер таратылды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі