#Рамазан2026: Алланың 99 көркем есіміне арналған сайыс ұйымдастырды
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ақтөбе облысындағы «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен рухани құндылықтарды дәріптеу және жамағаттың діни білімін арттыру мақсатында әйел жамағаты Алланың 99 көркем есіміне (Әсмаул-Хусна) арналған үш кезеңнен тұратын танымдық сайыс өтті.



































