Әйел-қыздар секторы
01 February 2022 360
Орамал күні атап өтілді \ БАҚ біз туралы

Ақтөбелік қыз келіншектер ерекше кеште бас қосты. Орамал тағудың қыр-сырымен бөлісіп, қазақ әйелінің бас киім үлгілерін көрсетті. Біреу үшін қарапайым нәрсе көрінгенімен шәлі тағудың шариғатта өз ережесі бар. Сондықтан бірінші ақпанда дүниежүзі болып атап өтетін орамал күніне арнап танымдық кеш ұйымдастырды. Алдымен кимешек киген апалардың дефилесі өтті. Одан соң, орамалдың мәнін жоғалтпай әрі сәнді етіп тағудың үлгілері көрсетілді. Тақырып аясында қатысушылар монолог оқып, көрініс қойды.

Әйел-қыздар секторы
29 January 2022 486
«Әлеуметтік желінің заманауи тәсілдері» атты семинар өтті

Бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде әйел ұстаздарға арналған «Әлеуметтік желінің заманауи тәсілдері» атты семинар өтті.

Әйел-қыздар секторы
29 January 2022 455
198 отбасыға көмек көрсетілді

Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде қаңтар айында «Үміт сыйла», «Қайырымды жұма», «Жылулық сыйла», «Жетім көрсең, жебей жүр», «Қолдан қолға» т.б жобалар аясында Ақтөбе облысындағы ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» мен ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен 33 қайырымдылық іс-шарасы өтті.