Елімізде алғаш рет "HALAL" халықаралық көрмесі өтуде
Бүгін Шымкент қаласында Бас мүфтидің бастамасы ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің ұйымдастыруымен «Halal EXPO-2021» көрмесі басталды. Іс-шараға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы қатысты.





































