Бегімбет: Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай сайыс өтті
Қасиетті Рамазанның соңғы жұмасында Бегімбет ауылы «Бегімбет» мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастыруымен ауылдың мәдениет үйінде «Балалар жылы» аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өлендерін жатқа оқудан жарыс өтті.