Қарауин университетінде ҚМДБ делегациясына тарихи қолжазбалар таныстырылды
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Марокко Корольдігіне ресми сапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының делегациясы Фес қаласындағы әйгілі Қарауин университетінде болды. Сапар аясында делегация мүшелері университет жанындағы көне қолжазбалар сақталған орталықтың жұмысымен танысты.





































