21 Сафар
Жаңалықтар
26 August 2021 199
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтіп, 928 000 теңгеден құралған оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған сөмкені көпбалалы және жалғызбасты отбасындағы 116 мектеп оқушыларына көмек ретінде табыс етті.

Жаңалықтар
26 August 2021 189
Қай өңірлерде жұма намазы оқылады?

Еліміздегі пандемия жағдайына байланысты жергілікті бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес республиканың кей өңірлерінде Жұма намазы уақытша тоқтап тұр. Әйтсе де бұл Қазақстанның ешбір аймағында Жұма намазы атқарылмай жүр дегенді білдірмейді.

Жаңалықтар
25 August 2021 219
Суық көңілді сөз жылытады

Алла Тағаланың адам баласына берген ең үлкен нығметінің бірі – сөз. Сөйлеу арқылы ойымызды еркін жеткізіп, қалаған нәрсемізді түсіндіре аламыз. Философтардың пайымдауынша, сөз деген адамның ішінде пайда болған ойы екен. Олар сөзді ойдың тіл арқылы сыртқа шығарылуы деп тұжырымдаған. Демек адамның айтайын деп тұрған ойын сөз деп қабылдаған. Ал шариғат бойынша, ауыздан шықпайынша ой сөз қатарына кірмейді. Сондықтан адам жаман ой ойласа, оған күнә жазылмайды. Намаз оқып тұрған адам ойға шомып кетсе, намазы бұзылмайды, ал сөйлесе, бұзылады. Демек дініміз ойды сөз деп қабылдамаған.

Әйел-қыздар секторы
20 August 2021 376
РАТТ мүшесі – Ақтөбе өңірінде

Бүгін Аңсар ақпараттық-талдау орталығының мұрындық болуымен, ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кошкарованың ұйымдастыруымен Руханият музейінде РАТТ мүшесі, теолог Талшын Зарқымқызымен кездесу өтті.

Жаңалықтар
20 August 2021 225
Түркістанда Х республикалық Құран Кәрім жарысы өтеді

Түркістанда өтетін Х республикалық Құран Кәрім жарысына Ақтөбе өкілдігі атынан толық Құраннан Тасболатов Бекзат, 20 парадан Раушан Хабибулла, 10 парадан Мұздақбай Нұргелді, мәнерлеп оқудан Дәуренбекұлы Бекжан қатысып, додада бақ сынайды.

Жаңалықтар
20 August 2021 164
«Қабақ баба» мешітінде «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының танытымы өтті

ҚМДБ ның төрағасы Бас мүфти Нурызбай қажы Тағанұлы хазретінің тікелей жетекшілігімен жуырда жарық көрген «Ихсан– рухани тәрбие негізі» кітабы Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінің жамағатына таныстырылды.

Жаңалықтар
19 August 2021 196
Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті

Бүгін Жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешіті 40 мектепке қажетті құрал-жабдықтары мен сөмкелерді әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көп балалалы жанұяларға табыс етті.