Жаңалықтар
29 December 2020 200
МИНИСТР ХАЛАЛ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Алматы облысына жұмыс сапары барысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен бірге тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктер, аккредиттеу субъектілері және бизнес қауымдастықпен кездесті.

Жаңалықтар
29 December 2020 571
Бабаларымыздың Ханафи мәзһабын ұстанғандығы тағы бір дәлелденді

Кеше, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті жанындағы «Руханият» мұражайына көне жәдігер жеткізілді. Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Тасөткел ауылының тұрғыны Серік Әбдіжами есімді азаматтың бастауымен жүргізілген «Қарамола-Көбентау» экспедиция тобының зерттеу жұмыстары нәтижесінде аталмыш ауыл маңындағы ескі қабірдің қабырғасына жасырылған діни кітаптар табылған. Қабір басына барған топ мүшесі Хромтау ауданының Бас имамы Ерік Сұлтанов Құран оқып, сауабын қабір иесіне бағыштады.

Жаңалықтар
25 December 2020 331
Ақтөбе: «МантыОтЖанат» кәсіпорыны халал сертификатын алды

ҚМДБ «Халал Даму» бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша өкілінің жүйелі жүргізген жұмыстарының нәтижесінде Ақтөбе қаласында тағы бір кәсіпорынына халал сертификаты табысталды. Жергілікті мұсылман жамағат ендігі кезекте «МантыОтЖанат» атты атпен танымал сауда орынының ет өнімдерін пайдалана алады.

Жаңалықтар
23 December 2020 224
ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУ ОРТАЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында ҚР Үкіметі анықтаған сәйкестікті бағалау аясындағы аккредиттеу жөніндегі жалғыз ұлттық орган Ұлттық аккредиттеу орталығының жауапты қызметкерлерімен кездесу өтіп, «Халал» өнімдерін сертификаттаумен айналысатын мекемелерді аккредиттеуге қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Жаңалықтар
23 December 2020 207
«АҚТӨБЕ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚУ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Айтулы шараға Бас мүфтидің кеңесшісі Балтабай Мекежанов, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов, Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков, Алға ауданының әкімі Мамырғали Аққағазов және өзге қалалардан келген қонақтар мен ауыл ақсақалдары қатысты.

Жаңалықтар
23 December 2020 218
Маңғыстау мешіттері самаладай жарқырады

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай Маңғыстау облысындағы бірқатар мешіт, атап айтқанда, Маңғыстау ауданындағы Шетпе ауылдық мешіті, Түпқараған ауданындағы Таушық ауылдық мешіті күрделі жөндеуден өтті.

Жаңалықтар
12 December 2020 255
«Ақтөбе» медресесінің директоры Президент алғыс хатын алды

Елордада өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына арналған «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында еліміздің көрнекті діни оқу орындарының бірі саналатын «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры, ұстаз Әбдімүтәлі Дәуренбеков марапатталды.

Жаңалықтар
12 December 2020 317
Ақтөбе облысының Бас имамы марапатталды

Ақтөбе облысының Бас имамы Төлеби Оспан Елордада өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына арналған «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумына қатысты.