Жаңалықтар
22 July 2025 23
ҰЛЫТАУДА ЖАҢА МЕДИАСТУДИЯ АШЫЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысына жасаған жұмыс сапары аясында Сәтбаев қалалық орталық мешіті жанындағы «Fajr.media» медиаорталығының салтанатты ашылуына қатысты.

Жаңалықтар
22 July 2025 27
ЕЛ ҮЛЕСІ ПӘТЕРГЕ: ЕКІ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 2 дін қызметкеріне қызметтік пәтердің кілтін табыстады.

Жаңалықтар
22 July 2025 26
БАС МҮФТИ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен Ұлытау облысына барды. Сапар барысында Бас мүфти облыста бой көтергелі жатқан жаңа мешіттің іргетасын қалау рәсіміне қатысып, жамағатпен жүздесті.

Жаңалықтар
21 July 2025 22
«Ұрпақтар сұхбаты» халықаралық жиыны өтті

Астана қаласында «Ұрпақтар сұхбаты: рухани тәлімгерлік және жастар көшбасшылығы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Пәкістанның Исламабад қаласындағы Халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институтымен бірлесіп ұйымдастырды.

Жаңалықтар
21 July 2025 27
ҚМДБ ӨКІЛДЕРІ АНКАРА ҚАЛАСЫНДА

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен құрылған Түркі мемлекеттерінің Бас мүфтилер алқасы өз жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда. Аталмыш алқа жанынан құрылған Пәтуа кеңесінің кезекті мәжілісі Түркия Республикасы Ғұламалар кеңесінің ұйымдастыруымен Анкара қаласында өтуде.

Жаңалықтар
21 July 2025 32
ҚМДБ өкілі Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы өкілі, «Талаба» студенттер қауымдастығының жетекшісі Қарабаев Абдурашит Зиядинұлы Түркия Дианет қоры (TDV) Бурса облыстық білім үйлестіру бөлімінің топ жетекшісі Закир Шадман мырзамен және Хасеки Диянет академиясына биыл қабылданған 13 қазақстандық студентпен кездесті.

Әйел-қыздар секторы
21 July 2025 137
«Әйел құндылықтары» тақырыбында семинар өтті

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі мен «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қалалық орталық мешітінің әйелдер намазханасында жалпы жамағатқа арналған «Әйел құндылықтары» тақырыбында РАТТ мүшесі Гүлзат Ақүрпекованың қатысуымен рухани семинар өтіп, оған 119 адам қатысты.

Әйел-қыздар секторы
21 July 2025 121
«Қыз баланың саулығы – ел болашағының кепілі» атты танымдық семинар өтті

ҚМДБ-ың «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Нұр Ғасыр» мешітінде жазғы сауат ашу курсының шәкірттеріне арналған «Қыз баланың саулығы – ел болашағының кепілі» атты танымдық семинар өтті.

Әйел-қыздар секторы
21 July 2025 114
«Мұнара» арнасы: РАТТ мүшелері сұхбаттасты

РАТТ мүшесі, «Төле би» мешітінің ұстазы, «Балдыгүл ана» қайырымдылық мекемесінің директоры Гүлзат қари Акурпикова Ақтөбе қаласына іс сапармен келіп, республикалық «Мұнара» телеарнасында қонақ болды.