26 Сафар
Жаңалықтар
09 May 2022 156
БАС МҮФТИ АДНАН МЕНДЕРЕС АТЫНДАҒЫ КӨШЕНІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан қаласында рухани әкімшілік-іскерлік орталығындағы жаңа көшеге түркі халықтарына ортақ тұлға, әлемдік деңгейдегі саяси қайраткер Аднан Мендерестің есімін беруге арналған салтанатты рәсімге қатысты.

Әйел-қыздар секторы
08 May 2022 411
Ақтөбе: Ардагерлерге құрмет көрсетілді (Фото)

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұылының мұрындық болуымен қала және аудан имамдары және өңірдегі «Әйел-қыздар» секторының жетекші мен ұстаздары Жеңістің 77 жылдығына орай ардагерлерге құрмет көрсетті.

Жаңалықтар
06 May 2022 157
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСҚОСУДА БІРНЕШЕ БАСТАМА КӨТЕРДІ

Бүгін Түркістан қаласында «Ислам өркениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Айтулы жиынды ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жүргізіп, баяндама жасады.

Жаңалықтар
06 May 2022 230
МҰСЫЛМАННЫҢ ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫ

Мұсылман атқаруы керек болған міндеттері бес түрлі болады. Оның бірінші, Алла Тағалаға мен ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қатысты орындалуы тиіс міндеттері; екінші, адамның өзінің алдындағы міндеттері; үшінші, отбасының алдындағы міндеттері; төртінші, Отаны алдындағы міндеттері; ал бесіншісі, адамзат алдындағы міндеттері болып табылады. Біздің бүгінгі уағызымызға арқау болған тақырып – мұсылманның отан алдындағы борышы мен міндеттері.

Жаңалықтар
06 May 2022 150
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚҰТТЫҚТАУ ЖОЛДАДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Түркістан қаласында өтіп жатқан «Мүфтилер алқасы» мен «Ислам өркениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға құттықтау хатын жолдады. Мемлекет басшысының құттықтау хатын Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров оқып берді.

Жаңалықтар
06 May 2022 145
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам өркениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

Жаңалықтар
06 May 2022 162
ТҮРКІ ЖҰРТЫНЫҢ МҮФТИЛЕРІ 100 ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Түркістан қаласында түркі мемлекеттерінің мүфтилері, атап айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркия Республикасы Дін істері басқармасының басшысы, Бас мүфти Әли Ербаш, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, Бас мүфти Аллашүкір Паша-Заде, Өзбекстан мұсылмандары басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Хамитжан Ишматбеков, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, ғалымдар мен облыс бас имамдары Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Бабалар рухына 100 Құран хатым» рәсіміне қатысты.