Жаңалықтар
02 March 2026 5
РАМАЗАН ЖӘНЕ ШҮКІРШІЛІК

Адам баласы өзі өмірге келгеннен бастап жаратушы Раббымыз Алла берген нығметтерді санайтын болса, оған ешқандай компьютер де, есептегіш құрал да төтеп бере алмайтын шығар. Он екі мүшеміз, алпыс екі тамырымыздан басқа күн, жер, ай, жұлдыздар табиғаттың мың сан тамаша құбылысы – құдыреті күшті Құдай Тағаланың бізге берген ғажайып сыйы екеніне дау жоқ. Мәселен, ағзамыздағы бір көздің ағын өтеу үшін жылдар бойы күні-түні құлшылық етудің өзі аз.

Жаңалықтар
02 March 2026 4
ЖҮРЕК ТАЗАЛЫҒЫ

Адам баласының ең қымбат қазынасы – сыртқы көрінісі де, жиған дүниесі де емес, кеудесінде соғып тұрған жүрегі. Себебі жүрек – иманның мекені, ниеттің айнасы, амалдардың бастауы. Жүрек таза болса, ой да түзеледі, сөз де салмақ табады, іс те берекелі болады. Ал жүрек кірленсе, иманның нұры көмескіленіп, адам өз жолынан жаңылады. Сондықтан – жүректі риядан, тәкаппарлықтан, көреалмаушылықтан арылтып, оны ықылас пен иман нұрына толтыру қажет. Ал жүрек тазалығы – пендені Аллаға жақындататын ең қысқа әрі ең берік жол.

Жаңалықтар
02 March 2026 345
Облыстық мешітте Ақсақалдарға арналған семинар өтті

Ақтөбе облысы бас имамының тапсырмасымен, ҚМДБ «Уақып қорының» Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Мәжит Әбішевтің ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ақсақалдарға арнайы жиын өткізілді.

Жаңалықтар
01 March 2026 4
ТАҚУАЛЫҚ – ИМАН АЙНАСЫ

Адам баласынының екі дүниеде дәрежесінің көтерілуіне, жасаған игі амалдарының қабыл болуына, Жаратушысының құзырында ардақтылардың қатарынан болуына себепші болатын сипат – тақуалық. Асыл дінімізде тақуалық деп – пенденің Алла Тағаланың бұйрықтарын орындау мен тыйымдарынан тыйылуы арқылы Оның азабынан сақтануы айтылады. Бұрынғы өткен пайғамбарлардың барлығы да өз қауымдарын тақуалыққа шақырған.

Жаңалықтар
28 February 2026 4
ӘДЕПТІЛІК – КӨРКЕМ СИПАТ

Адамның сыртқы келбеті қаншалықты сұлу болғанымен, оның шынайы болмысы мен ішкі руханияты тек әдептілік арқылы ғана көрініс табады. Әдептілік – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің жиынтығы әрі рухани кемелдіктің айқын белгісі. Ол жай ғана қоғамдық ережелерді сақтау емес, ол – өзгелерге деген терең құрмет, кішіпейілділік және парасаттылық. «Әдепті дегенше, әдемі десеңші» деп халық даналығы бекер айтпаса керек. Себебі бойына ізгілікті сіңірген жанның сөзі – шипа, ісі – өнеге, ал болмысы айналасына нұр шашып тұратын көркем сипатқа ие болады.

Жаңалықтар
28 February 2026 125
Рамазан — Құран айы

Рамазан — барша мүмін баласы үшін айрықша мәнге ие қасиетті сәт. Рухани тазару, сабыр мен тақуалыққа тәрбиелену, Аллаға жақындау — осының барлығы өзге айларда сезіле бермейтін тек қана Рамазан берілген ұлы нығмет.

Әйел-қыздар секторы
28 February 2026 62
#Рамазан2026: Оразаға қатысты кітаптар таратылды

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің Рамазан айындағы жоспарына сай «Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімінің ұйымдастыруымен оразаға қатысты кітаптар таратылды.

Жаңалықтар
28 February 2026 49
#Рамазан2026: Рамазан құттықтаулары табысталды

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазірет пен облыстың Бас имамы Амантай Садиевтің Рамазан құттықтаулары ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі мен зиялы қауым өкілдеріне табыстады.

Әйел-қыздар секторы
27 February 2026 223
#Рамазан2026: Сектор жетекшісі шәкірттермен кездесті

ҚМДБ-ның бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова «Ақтөбе» қыздар медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесті.

Жаңалықтар
27 February 2026 37
#Рамазан2026: «Рамазан – адал қоғамды қалыптастыратын ай» атты шара өтті

Ақтөбе қаласында «Сүлеймен ата» мешітінің ұстазы Қайрат Дәрменовтың ұйымдастыруымен мешіт жамағатына ауызашар барысында «Рамазан – адал қоғамды қалыптастыратын ай» атты тақырыпта шара өтті.