«Жастар тәрбиесі тал бесіктен» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Бүгін Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Жастар тәрбиесі тал бесіктен» тақырыбындағы дөңгелек үстелге ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі, ұстаз Кенжегүл Кошкарова мен облыстық орталық мешіттің баспасөз хатшысы, журналист Ақтолқын Тажикова қатысты.



































