Облыс имамдарына «Уақып қорының» жұмысы туралы семинар өткізілді
2024 жылға арналған кеңейтілген Төралқа мәжілісіндегі бағдарлық баяндамасында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ биыл бес бағытқа, соның ішінде «Уақып қоры» қызметіне басымдық беру керектігін атап өткен болатын. Осы орайда «Уақып» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты маманы Мәжит Әбішевтің ұйымдастыруымен облыс имамдарына семинар өткізілді.





































