Жаңалықтар
21 March 2023 211
Ақтөбе: «ЖАМАҒАТ БАРЫСЫ» басталды

Бүгін «Жастар» спорт кешенінде «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі мен «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының басталуы мен Наурыз мерекесіне орай жергілікті жамағат арасында ауызбіршілікті нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «ЖАМАҒАТ БАРЫСЫ» атты қазақша күрестен спорттық сайыс өтуде.

Жаңалықтар
20 March 2023 166
Ризабек Батталұлы арнайы Ақтөбе облысына келді

ҚМДБ бекіткен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында облыстық дін істері басқармасы мен ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі және «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, танымал дінтанушы, ғалым, РАТТ мүшесі Ризабек Батталұлы Ақтөбе облысына келген арнайы іс-сапармен келіп, 6 топтық іс-шараға қатысып, 1688 адамға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әйел-қыздар секторы
20 March 2023 276
Облыстық мешітте «Әлсіз адамның намазы» атты ашық сабақ өтті

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі, «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен6 «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ұстаз Ақмарал Ерболатованың жетекшілігімен намаз бөлімі бойынша «Әлсіз адамның намазы» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Жаңалықтар
20 March 2023 198
Ақтөбе: «Рамазан – рухани тәрбие айы» атты брифинг өтті

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Азат Ерланұлы облыстағы өңірлік коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен «Рамазан – рухани тәрбие айы» тақырыбындағы брифингке қатысып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Жаңалықтар
20 March 2023 170
Ақтөбе: «Намаздың парыздары» тақырыбында ашық сабақ өтті

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің әйелдер сауат ашу орталығында дәріске қатысушы әр шәкірттің білімдерін тексеріп, үйренген ілімінің нәтижесін көру мақсатында «Намаздың парыздары» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Жаңалықтар
16 March 2023 210
Діни және этно-мәдени бірлестік өкілдері мен ҮЕҰ мүшелеріне арналған ашық есік күні өтті

Бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі мен облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Қош келдің, қасиеті мол Рамазан!» атты Ақтөбе облысы бойынша діни конфессиялар, ұлттар мен ұлыстардан құралған «клуб» мүшелерінің басқосуы өтті.

Жаңалықтар
15 March 2023 208
Ақтөбе: Рамазанға дайындық туралы алқалы жиын өтті

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының төрағалығымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Рамазан айында атқарылатын іс-шаралар» атты қала, аудан имамдарына арналған алқалы жиын өтті.

Жаңалықтар
14 March 2023 278
«Нұр Ғасыр»: Амал мерекесі тойланды

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі, «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында 14 наурыз – көрісу яғни Амал мерекесі тойланды.