Жаңалықтар
07 April 2024 495
Ақтөбеде 4 отбасыға баспаналар кілті табысталды

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Қадір түні қарсаңында мешітке келген жамағат алдында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» атты қайырымдылық акциясы аясында 4 баспана табысталды.

Жаңалықтар
06 April 2024 227
Мүмкіндігі шектеулі жандарға ауызашар берілді

ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының бастамасымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «Береке» мейрамханасында ауызашар берілді.

Жаңалықтар
03 April 2024 32
РАМАЗАН-2025: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ 4,7 МИЛЛИОН АУДИТОРИЯ ҚАМТЫЛДЫ

Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Ақжол хабарлады.

Жаңалықтар
02 April 2024 226
Наиб имам отбасы құндылығын сақтау жолдарын айтты

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Абзал Медетбеков «Aqtobe» телеарнасында қонақ болды. Наиб имам «Иман нұры» бағдарламасында «Үйлену оңай, үй болу қиын» тақырыбында сұхбат берді.

Жаңалықтар
02 April 2024 24783
Ақтөбе: Екінші рет жамағатқа күнделікті намазда толық Құран Кәрімді жатқа хатым етті

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде құптан намазынан кейін облыстық мешіттің наиб имамы Бекжан қари Әлденов екінші рет күнделікті намазда толық Құран Кәрімді жатқа хатым етті.

Әйел-қыздар секторы
01 April 2024 318
Әйел жамағаты арасында «З0 күнде 30 хатым» жобасы өтуде

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде облыстағы ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруыменәйел жамағаты арасында «З0 күнде 30 хатым» жобасы өтуде.

Жаңалықтар
31 March 2024 959
Ақтөбе: Имамдар мен жамағат судан зардап шеккендерге алғашқы көмектерді жеткізді

Өңірдегі су тасқынына байланысты мешіттер жанынан арнайы имамдар мен еріктілерден топтар құрылып, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры мен жергілікті халық атынан Ақтөбе облысы өкілдігі атынан өңірдегі қала, аудан, ауыл аймақтарында су апатынан зардап шегіп жатқан отбасыларға жәрдем көрсетуде.

Жаңалықтар
27 March 2024 1280
Наурызда ұлттық ойындардан жарыс өтті

«Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы аясында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айы мен Наурыз мерекесінің қатар келуіне орай әрі ұлттық ойындарымызды жаңғырту үшін спорттық сайыс өткізілді.

Жаңалықтар
27 March 2024 1262
Наурыз бен ауызашар қатар тойланды

Қасиетті жұма күні мен Рамазан оразасына тұспа тұс келген төл мерекеміз Наурыз мейрамы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің асханасында ауызашармен қоса аталып өтті.

Жаңалықтар
27 March 2024 1251
Ұлттық спорт жаңғыртылды

16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні қарсаңында Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков Түркия елінен келген қариға қазақ халқының ұлттық ойындарын таныстырды.

Жаңалықтар
27 March 2024 1241
Әкімшілік қызметкерлеріне ауызашар қоржыны тарту етілді

Шалқар ауданы, Бегімбет ауылы, "Бегімбет" мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастыруымен ауыз бекіткен әкімшілік қызметкерлеріне қасиетті Рамазан айының құрметіне орай "Рамазан қоржыны" атты ауызашар пакеті тарту етілді .