ҚМДБ «Tawaf travel» компаниясы 5 адамға үлкен қажылыққа жолдама табыстады
Алматы Орталық мешітінде ҚМДБ «Tawaf travel» компаниясы арқылы бес дін қызметкері мен шаруашылық қызметкеріне үлкен қажылық сапарына жолдама табысталды.
Алматы Орталық мешітінде ҚМДБ «Tawaf travel» компаниясы арқылы бес дін қызметкері мен шаруашылық қызметкеріне үлкен қажылық сапарына жолдама табысталды.
Ақтөбе облысы бас имамының тапсырмасымен, ҚМДБ «Уақып қорының» Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Мәжит Әбішевтің ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ақсақалдарға арнайы жиын өткізілді.
Адам баласынының екі дүниеде дәрежесінің көтерілуіне, жасаған игі амалдарының қабыл болуына, Жаратушысының құзырында ардақтылардың қатарынан болуына себепші болатын сипат – тақуалық. Асыл дінімізде тақуалық деп – пенденің Алла Тағаланың бұйрықтарын орындау мен тыйымдарынан тыйылуы арқылы Оның азабынан сақтануы айтылады. Бұрынғы өткен пайғамбарлардың барлығы да өз қауымдарын тақуалыққа шақырған.
Адамның сыртқы келбеті қаншалықты сұлу болғанымен, оның шынайы болмысы мен ішкі руханияты тек әдептілік арқылы ғана көрініс табады. Әдептілік – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің жиынтығы әрі рухани кемелдіктің айқын белгісі. Ол жай ғана қоғамдық ережелерді сақтау емес, ол – өзгелерге деген терең құрмет, кішіпейілділік және парасаттылық. «Әдепті дегенше, әдемі десеңші» деп халық даналығы бекер айтпаса керек. Себебі бойына ізгілікті сіңірген жанның сөзі – шипа, ісі – өнеге, ал болмысы айналасына нұр шашып тұратын көркем сипатқа ие болады.
Рамазан — барша мүмін баласы үшін айрықша мәнге ие қасиетті сәт. Рухани тазару, сабыр мен тақуалыққа тәрбиелену, Аллаға жақындау — осының барлығы өзге айларда сезіле бермейтін тек қана Рамазан берілген ұлы нығмет.
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің Рамазан айындағы жоспарына сай «Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімінің ұйымдастыруымен оразаға қатысты кітаптар таратылды.
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты барлық облыс, қала, аудан, ауыз мешіттерінің ауласы мен кіреберіс маңдайшасына Рамазан айын насихаттау мақсатында арнайы ақпараттық баннерлер ілінді.
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазірет пен облыстың Бас имамы Амантай Садиевтің Рамазан құттықтаулары ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі мен зиялы қауым өкілдеріне табыстады.
ҚМДБ бекіткен Рамазан жоспарына сай Ақтөбе облысы өкілдігінде «Бас имам» сағаты ұйымдастырылды.
Ақтөбе облысы бойынша ақпан айының алғашқы «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылды.
Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты Шалқар ауданы тұңғыш рет ҚМДБ халал сертификатын алды.
ҚМДБ-ның бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова «Ақтөбе» қыздар медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесті.
Ақтөбе қаласында «Сүлеймен ата» мешітінің ұстазы Қайрат Дәрменовтың ұйымдастыруымен мешіт жамағатына ауызашар барысында «Рамазан – адал қоғамды қалыптастыратын ай» атты тақырыпта шара өтті.
Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ бекіткен Рамазан жоспары аясында «Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімі мен «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің конференция залында халықаралық кәсіби нутрициолог Арина Нугмановамен кездесу өтті.
Бүгін қасиетті жұма күні Рамазан айының құрметіне орай ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты Мұғалжар ауданындағы Қандыағаш қалалық «Қадырәлі ата» мешітінде азаншы Абзал Абдулхакимге автокөлік уақып етілді.