Облыс әкімі «Нұр Ғасыр» ұжымын марапаттады
18-қазан – ұлты мен діни сенімге қарамастан барша адамзатты біріктіретін қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні аталып өтті.
18-қазан – ұлты мен діни сенімге қарамастан барша адамзатты біріктіретін қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні аталып өтті.
ҚМДБ қарасты «Халал Даму» мекемесі ашылғалы бері елімізде адал өнім тұтынушылар мен оған деген сұраныстың саны күрт өсіп келеді. Нәтижелі жұмыстардың арқасында әр өңірде көптеген халал кәсіпорындар мен мекемелер ашылып жатыр.
«Халал Даму» мекемесі мен ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облысында халал апталығы басталды. Осыған орай, Ақтөбеге «Халал Даму» мекемесінің Директоры Айбек Аташев пен мекеменің Бас сарапшысы, технолог Айжан Омарова арнайы іс-сапармен келді.
18 қазан елімізде «Рухани келісім» күні болып жариялануына байланысты көптеген ізгі шаралар өткізіліп келеді. Негізгі мақсат ел ішіндегі әртүрлі дін өкілдері мен діни конфессиялардың басын біріктіріп, қоғамдағы ынтымақтастықты нығайту. Сондай-ақ, елімізді өркендету жолында жасалып жатқан әрбір игі істі иық тіресе атқара білу.
Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ІХ республикалық байқау басталды.
19-20 қазан күндері Ақтөбе-медресе колледжінің оқу ғимаратында Ақтөбе облысы Дін істер басқармасының ұйымдастыруымен өңірдегі деструктивті діни ағымды ұстанушылар арасында оңалту жұмыстарын жүргізетін имамдар мен теологтарға арналған семинар өтті.
Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атыраудағы 66-түзету колониясына барды. Мұнда Бас мүфти діни алауыздық тудырған азаматтармен жалпылама кездесу өткізді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Әр аптаға бір шара» жоспарын бекіткен болатын. Осыған орай ҚМДБ «Жастар ісі» секторы 14 қазан күні бір мезетте «Жастар және таза әлем» атты республикалық акциясын өткізуді жариялаған болатын.
«Діни басқарманың 30 жылдық мерейтойы қарсаңында көптеген іс-шара ұйымдастырылуда. Солардың бірі ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «30 құдық қазу» Республикалық қайырымдылық жобасы жүзеге асып келеді.
ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі «Нұр Ғасыр» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ІХ республикалық Құран жарысына Ақтөбе облысы бойынша іріктеу сайысы өтті.
Кеше Ақтөбе қалалық Орталық мешітінің Бас имамы Н.Күзенбаев қалалық мешіттерді аралап, күзгі маусымдағы жағдайымен танысты.
Бүгін Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Шәкизадаұлы мен наиб имам Шынболат Әлімқұлұлы ақтөбелік бірінші топ мүгедегі Шұға Боранқұлованың үйіне арнайы барып, зиярат етті.
Кеше Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Шәкизадаұлы облыс орталығында орналасқан «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің дайындық бөлімінде болып, аталмыш оқу орнының қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына орай Ақтау қаласында ұйымдастырылған «Әдемі әуезді азаншы» республикалық ІV азаншылар жарысы қорытындыланды.
Қасиетті жұма күні Ақтөбе облысы, Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітіне ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жаңа Бас имам тағайындалды.