«Мәуліт — жүректерге шырақ жаққан түн» атты рухани кеш өтті
Ақтөбе қаласындағы «Әзіреті Біләл» мешітінде «Мәуліт — жүректерге шырақ жаққан түн» атты рухани кеш өтіп, 60-қа жуық қыз-келіншектер қатысты.
Ақтөбе қаласындағы «Әзіреті Біләл» мешітінде «Мәуліт — жүректерге шырақ жаққан түн» атты рухани кеш өтіп, 60-қа жуық қыз-келіншектер қатысты.
Алматы қаласына жасаған сапарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымдылық пен имандылықтың өнегесін көрсеткен 94 жастағы Сағадат Жұмабаев ақсақалмен арнайы кездесті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласында өтіп жатқан «Әсем киім – әйел ажары» атты мұсылман әйелдердің сән байқауының ашылуына қатысты.
Алматы қаласында ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің ұйымдастыруымен «HALAL EXPO-2025» халықаралық көрмесі басталды. Көрменің ресми ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Көшпелі уағыз-насихат керуені» жобасы аясында қаланың бірнеше мешітінде бір мезетте уағыз-насихат кездесулері ұйымдастырылды.
Ақтөбе қалалық орталық мешіті мен Ассамблеялар үйінің ұйымдастыруымен қала тұрғындарына арналған «Ашық есік күні» атты тағылымды іс-шара өтті. Бұл бастама – қоғам мен дін өкілдерінің арасындағы байланысты нығайтып, рухани ағартушылықты арттыруға шақырады.
Мұнара апталығы / толық нұсқа 20.09.2025 жыл
Президент: Қазақстан – мәдениеттер мен діндерді тоғыстырған бейбіт мекен
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазақстандық қажыларды тасымалдау үшін әділ бәсекелестікке қол жеткізу және қажыларымызға қолайлы жағдай жасау мақсатында қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар арасында конкурс жариялайды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы Республикалық бас мешітте «Қоғамдағы зиянды дерттер» тақырыбында жұма уағызын айтты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының оқу-ағарту жоспарына сәйкес Алматы облысында қари ұстаздардың білімін жетілдіруге арналған екі күндік курс ұйымдастырылды. Игі шара облыстың бас имамы Мадияр Тағайбайұлының ұйытқы болуымен Талғар ауданына қарасты Қызылқайрат ауылдық мешітінде өтті.
Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Финляндия архиепископы Тапио Юхани Луомамен кездесті.
Бүгін қасиетті жұма күні Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Асыл дінімізде жастайынан балаға Жаратушысын танып, діннің негізгі қағидаларын түсініп, қабылдап өсуіне ата-ана жауапты болмақ. Ал дінді біліп өсудің маңыздылығы өте зор. Оны қалай үйретіп, қандай тәсілді қолданамын деген әрбір жанға Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үздік тәлімі жеткілікті.
Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)дінді түсіндіру жұмыстарындағы әдістемелері өз заманындағы адамдардың ой-өрісіне, заманына, уақытына, ортасына сәйкес өзгеріп отырды. Десе де, уағыз-насихат барысында бұл әдістеме біздің заманымызда да маңызын жоймай, керісінше Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) негізгі сөз саптау сүннеттерін ескеруге қажеттілік туындап келеді.