«Бақытжан» мешіті 40 отбасыға қайырымдылық жасады 5030

«Бақытжан» мешіті 40 отбасыға қайырымдылық жасады

21 қараша 2025 151 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша  «Зекет және қайырымдылық» қорының «Қолдан-қолға»  қайырымдылық жобасы аясында Ақтөбе қаласындағы  «Бақытжан» мешітінің ұйымдастыруымен Жаңақоныс ауылындағы аз қамтылған, көп балалы отбасыларға зекет берілді. 

Аталмыш іс-шарада «Бақытжан» мешітіне келіп өтініш білдірген 40 отбасыға 25 мың теңгеден жалпы сомасы 1 миллион теңге қаражат табысталды.

Имамдар осы игі шараға қолдау білдірген жомарт жандарға алғыс білдірді.Алла Тағала кәсіптеріне береке, отбасыларына амандық пен шаттық нәсіп етсін!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі