«Қабақ баба» мешітінің асханасы жаңартылды 4856

«Қабақ баба» мешітінің асханасы жаңартылды

20 қыркүйек 2025 116 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінің асханасы күрделі жөндеуден өтіп, жамағат игілігіне жаңартылған күйде ұсынылды. 

Игі іске мешіттің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлы мұрындық болып, ондық алқа мүшелері мен жомарт жандардың демеушілігімен жүзеге асты.

Қасиетті Рамазан айында ауызашар дастарханы жайылатын асхана қызметі қазірден реттеліп, қолға алынды. Аталған бұл сауапты істің аясында асхана ішіндегі жылу құбырлары толықтай ауыстырылып, заманауи жылы еден жүйесі орнатылды. Сонымен қатар, қажетті жабдықтар жаңартылып, ас дайындауға қолайлы әрі санитарлық талаптарға сай орта қалыптастырылды.

Бұл – жамағатқа қызмет көрсету сапасын арттырып қана қоймай, мешіттің рухани және әлеуметтік қызметін нығайтатын маңызды қадам.

Жалпы құрылыс жұмыстарына 2 млн 300 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалды.

Сауабы мол игі іске атсалысқан әрбір азаматқа Алл разы болсын!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі