Мүмкіндігі шектеулі санаттағы балаларды тәрбиелеп отырған аналарға көмек берілді
Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінде бас имам Нұрлыбек Молдабайұлының ұйытқы болуымен мүмкіндігі шектеулі санаттағы балаларды тәрбиелеп отырған аналарға азық-түлік түрінде көмек берілді.
«Жақсылықтың ең абзалы – адамға қуаныш сыйлау» деген Пайғамбар (с.ғ.с) өсиетімен астасқан бұл сауапты істің жүктеген жауапкершілігі зор, сауабы мол.
Алла Тағала атсалысқан жандардың амалын қабыл етсін, мұқтаж жандарға сабыр мен күш-қуат берсін!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі







































