Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай қайырымдылық шаралары өтті 5066

Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай қайырымдылық шаралары өтті

09 December 2025 65 Оқу 1 минут

Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде қала мешіттері тарапынан ерекше балаларға арналған бірқатар қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Ізгілік пен жанашырлықты ту еткен бұл бастамалар қоғамдағы мейірімділік құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.

Аталған игі істер аясында «Қурайлы» мешіті «МАЛИКА» емдеу орталығындағы ерекше қажеттілігі бар 20 балаға киім-кешек табыстады. Бұл көмек балалардың күнделікті өміріне қолдау көрсетіп, ата-аналарының да қуанышын арттырды.

Сондай-ақ «Қабақ баба» мешіті «Ерекше жандар» қоғамдық бірлестігіне қарасты орталықтағы 10 балаға азық-түлік көмегін үлестірді. Қайырымдылық шарасы жылы лебіз бен ізгі тілекке толы атмосферада өтті.

Ал «Сүлеймен ата» мешіті ерекше балаларды емдеумен айналысатын «Толқын мед» орталығына денсаулықты қалпына келтіруге арналған велотренажер сыйлады. Бұл құрал балалардың ем-сауықтыру үдерісін арттыра түседі деп сенеміз.

Аталған шаралар – қоғамдағы әрбір ерекше жанның назардан тыс қалмайтынын, олардың үміті мен сеніміне ортақ болу баршамыздың ортақ міндетіміз екенін айқындайды. Игі іске атсалысқан барша жомарт жандарға алғыс білдіреміз.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі