Қарғалы: «Момын ата» мешіті  заманауи күрделі жөндеуден өтті 4873

Қарғалы: «Момын ата» мешіті заманауи күрделі жөндеуден өтті

25 қыркүйек 2025 107 Оқу 1 минут

Қарғалы ауданы, Қос-Естек ауылындағы «Момын ата» мешіті күрделі жөндеуден өтіп, жамағат игілігіне жаңартылған күйде ұсынылды. 

Игі іске мешіттің бас имамы Асылбек Бертлеуов мұрындық болып, ондық алқа мүшелері мен жомарт жандардың демеушілігімен жүзеге асты.

Аталған бұл сауапты істің аясында мешіттің дәретханасы, ішіндегі жылу құбырлары толықтай ауыстырылып, заманауи жылы еден жүйесі орнатылды.

Ауылдық мешіттің іші мен сырты толықтай жөндеуден өтіп, жиһаздары жаңартылды.

Жалпы құрылыс жұмыстарына 22 млн теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Сауабы мол игі іске атсалысқан әрбір азаматқа Алла разы болсын!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі