«Тайқазан» жобасы: Облыстық мешітте қайырымдылық шарасы өтті
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен «Тайқазан» жобасы аясында қайырымдылық шарасы өтті.
Бұл игі шарада көпбалалы және жалғызбасты 35 отбасыға көмек көрсетіліп, мұқтаж жандардың жүзіне қуаныш, жүрегіне жылулық сыйланды.
Шараға арнайы қатысқан облыстың бас имамы Амантай Садиев: «Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Адамдардың ең қайырлысы – адамдарға пайдасы тигені»-деген хадисіне сай амал етіп, қайырымдылық ісіне ұйытқы болған Алмат Амангелдіұлына және қолдау білдірген демеуші азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін. Ал осы отбасылардағы әрбір бала еліне жанашыр, қоғамға қамқоршы болып өссін деген тілегім бар» – деп атап өтті.
Игі жоба аясында өткен бұл игі іс – имандылықтың, бауырмалдықтың айқын көрінісі.
Әрбір қайырымды амалдар қоғамды ғана емес, әрбір жүректі тазартады.
Қайырымдылық шарасы әр ай сайын жалғасын табады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі













































