Мешіт жамағаты «Тәубе» мешітіне шаңсорғыш пен суқайнатқыш сыйлады 4991

Мешіт жамағаты «Тәубе» мешітіне шаңсорғыш пен суқайнатқыш сыйлады

07 қараша 2025 134 Оқу 1 минут

Шалқар қаласындағы «Тәубе» мешітіне жамағат шаңсорғыш пен суқайнатқыш сыйлады. 

Дінімізде Алланың мейіріміне бөлейтін, Оған жақындататын ізгі амалдар көп. Соның бірі – дін жолында дүние жұмсау. Алла Тағала өзінің адал дүниесінен дін жолында мал сарп еткен пендесінің дүниесіне береке нәсіп етеді. Жаратушы Иеміз қасиетті Құранда: «Сендер игілік жолында не сарп етсеңдер де, Алла оның орнын толтырады. Ол – ризық берушілердің ең қайырлысы» («Сәбә» сүресі, 39-аят) деп мұсылманды ізгі істер жолында мал жұмсауға құлшындырған.

Мешіт имамы Ерлан Наурызбаев жамағаттың қайырымдылық көмегі мен қолдауы үшін алғысын білдіріп, бұл игі іске атсалысқан азаматтарға ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ имам мұндай сауапты істер қоғамда мейірім, ынтымақ және бірлік сынды құндылықтарды нығайтатынын атап өтті.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі