Мысыр елінде ілім алып жатырған студентке 250 000 теңге табысталды 4828

Мысыр елінде ілім алып жатырған студентке 250 000 теңге табысталды

14 қыркүйек 2025 109 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ Төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ-ның студенттерді қолдау акциясы аясында «Жастар ісі» секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Аслан Қорғанның ұйымдастыруымен Мысыр елінде ілім алып жатырған студентке 250 000 теңге қаржымен қолдау білдірді.

Аталған қаржанының сертификатын Аслан Қорған облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде табыстады.

Құранның 200 жерінде Алла жолында садақа беру, мал сарп ету жайында баяндалады. Яғни Алла берген нығметті Алла жолында жұмсау сауапты амал екені айтылады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ырзығының мол болуын қалаған садақа берсін» (Дәйләми), «Садақа беру арқылы ырзықтарыңды арттырыңдар» (Бәйхаки), «Садақа дүние-мүлікті көбейтеді» (Ибн Ади), «Садақа бергеннің ырзығы артып, дұғасы қабыл болады» (Ибн Мәжа) деп бізге Алланың уәдесін қайта-қайта еске салған болатын.

Сауабы мол игі іске атсалысқан әр жанға Алла Тағала сансыз жауаптан жазсын!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі