Хромтауда «Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында жиын өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе облысы бойынша өкілдігіне қарасты Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде «Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында тағылымды жиын өтті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе облысы бойынша өкілдігіне қарасты Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде «Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында тағылымды жиын өтті.
№2 Хромтау гимназиясының жазғы лагеріне қатысушы оқушылар Хромтау аудандық «Нұр» мешітіне танымдық саяхат жасап, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты.
Қасиетті жұма күні кезекті қайырымдылық. Қобда ауданының бас имамы Абай Шымболатовтың ұйымдастыруымен Қобда ауданының “1000 батыр” есімімен танымал бір топ азаматтары аз қамтылған, көп балалы 16 отбасыға 320 үйрек балапанымен қолдау білдірді.
Ақтөбе қалалық орталық мешіті мен «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен қала мешіттері жамағаты арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінде қасиетті Ашура күніне орай нәпіл ораза ұстаған жамағатқа арнайы ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.
ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қоры Ақтөбе қаласы “Бақытжан” мешітінің ұйымдастыруымен "Өмірге үміт сыйла" қайырымдылық шарасы аясында Төлегенұлы Мұхаммедтің еміне 200.000 теңге қаржылай көмек берілді.
ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің тапсырмасымен ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Ақтөбе облысына арнайы келген болатын.
Бүгін Ақтөбе қаласында XV республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауына дайындық жұмыстарын пысықтау жиыны өтті.
ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігіне қарасты қала, аудан мешіттерінде "Ұлы Отан соғысы" кезінде шейіт болған ата-бабаларымыздың рухына Құран аяттары оқылып, сауабы бағышталды.
Ақтөбе қаласында орналасқан «Отбасы Телепузик» отбасылық дәмханасына «QMDB Halal» халал куәлігі табысталды. Куәлікті жұма күні Ақтөбе облысының бас имамы Садиев Амантай Әбілдаұлы салтанатты түрде тапсырды.
«Ақтөбе» медресе-колледжі түлектерінің бітіру кеші өтіп, 14-ші түлектеріне диплом табысталды. Салтанатты шараға Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев, аталған рухани білім ордасының директоры Ерік Сұлтанов, түлектер, ұстаздар мен ата-аналар қатысты.
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Ақтөбе облысы, Темір ауданына іс-сапармен барды. Сапар барысында аудан орталығында жаңадан салынып жатқан «Досжан Ишан» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты.
ҚМДБ «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Ақтөбе қаласы «Бақытжан» мешітінің имамы Еламан Кәрім және мешіт жамағатының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы имамдары арасында волейболдан турнир өтті.
«Адал» дәмханасында «Халал Даму» мекемесінің технолог маманы Ақмаржан Ержанқызы тарапынан жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізілді.