Жарасхан Әбдісаламов – Рамазан айының хикмет сырлары
Рамазан айының хикмет сырлары
Рамазан айының хикмет сырлары
Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы «Aqtobe» телеарнасындағы «Қайырлы таң, Ақтөбе! Бағдарламасында қонақ болып, «Ағайын тату болса...» тақырыбында сұхбат берді.
РАНТ мүшесі, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының исламдық қаржы мәселелері бойынша сарапшысы Мақсатбек Қайырғалиев Ақтөбе қаласына келген іс-сапар барысында «Nurgasyr.kz» медиа студиясында қонақ болып, сұхбат берді.
Рамазан айының алғашқы 10 күнінде Қобда аудандық мешітінің ұйымдастыруымен 860 адамға ауызашар берілді.
Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы Бөгетсай ауылындағы «Ақ-Нұр» мешітінде тарауих намазын өткізіп, жамағатпен жүздесті.
Қасиетті Рамазан айының қарсаңында қайырымдылық шаралардың бірі – «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығында жалғасын тапты. Игі бастама мұрындық болған Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлы.
Бүгін қасиетт і Рамазан айының құрметіне орай облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде бесін намазының алдында «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» атты қайырымдылық акциясы аясында республика бойынша 536-шы, Ақтөбе өңірі бойынша 25-ші баспана кілті 8 баласы бар отбасыға табысталды.
Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы Рамазан айының құрметіне орай «Рамазан тәбәрігі» жобасы аясында «Ер-Төстік» балабақшасының бүлдіршіндеріне шырын мен тәттілер тарту етіп, балаларға қуаныш сыйлады.
Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының мұрындық болуымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде РАНТ мүшесі, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының исламдық қаржы мәселелері бойынша сарапшысы Мақсатбек Қайырғалиев өңірдегі қала және аудан имамдарының біліктілігін арттыру мақсатында «Зекет ұйымдастырудың заманауи тетіктері» атты семинар өтті.
Ақтөбе қаласындағы «Қайырқожа» мешітінің ұйымдастыруымен қала орталығындағы «Тұңғыш Президент саябағында» дәстүрді дәріптеп, қасиетті айдың келуін жар салатын, қала өнерпаздарының орындауында жарапазан айту шарасы өтті.
Рамазан айының артықшылығы – Мұхаммедисмаил Шадман
Ырғыз аудандық мешітінің ұйымдастыруымен және аудандық «Арай» мәдениет үйі ұжымының атсалысуымен «Рамазан – рақым айы» атты рухани кеш өтті.
Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қаланың Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» шарасы өтіп, аз қамтылған және көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі т.б санаттағы 50 отбасыға азық-түлік таратылды.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадманның ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласындағы Т.Ж.Бегелдинов атындағы ӘҚК әскери институтында «Рамазан айының ерекшеліктері» атты семинар өтті.