Жаңалықтар
22 ақпан 2026 206
#Рамазан2026: «Берекелі Рамазан» атты зияткерлік білім сайысы өтті

Шалқар ауданында «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен және ҚМДБ бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында 4 бағыттың бірі — «Діни оқу-ағарту» бойынша «Берекелі Рамазан» атты зияткерлік діни білім сайысы өтті.

Әйел-қыздар секторы
21 ақпан 2026 186
#Рамазан2026: «Шырайлым» клубы: Пейіш-2» фильміне барды

ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде «Әйел-қыздар» секторына қарасты облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті жанындағы «Шырайлым» қыз-келіншектер даму клубының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында «Ислам және адал қоғам» жылы аясында әйел жамағаты «Пейіш- 2» фильмінің арнайы көрсетіліміне барды.

Әйел-қыздар секторы
21 ақпан 2026 344
#Рамазан2026: «Имани гүл» рухани даму клубы ашылды

Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде «Ислам және адал қоғам» жылына орай Ақтөбе қалалық орталық мешіті әйел-қыздар бөлімі жанынан «Имани гүл» атты қыз-келіншектердің рухани даму клубы ашылды

Жаңалықтар
21 ақпан 2026 74
#Рамазан2026: «Адал қоғам», «Арақсыз қоғам», «Арақсыз Рамазан» акциялары ұйымдастырылды

Рамазан айы – рухани тазару мен қоғамда ізгі құндылықтарды нығайтатын қасиетті кезең. Осыған орай Ақтөбе облысы өкілдігінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Рамазан айының жоспарына сәйкес, «Адал қоғам», «Арақсыз қоғам», «Арақсыз Рамазан» акциялары ұйымдастырылды.

Жаңалықтар
20 ақпан 2026 306
«Уақып» корпоративтік қорының облыстағы жауапты маманы Рамазанмен құттықтап, ораза кестесін таратты

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұылының Рамазан айына бекіткен жоспарына сай ҚМДБ-ға қарасты «Уақып» корпоративтік қорының Ақтөбе облысының жауапты маманы Жарасқан Киікбайұлы мешіт жамағаты мен қала тұрғындарына Рамазан құттықтауы мен ораза кестесін таратты.

Жаңалықтар
20 ақпан 2026 12
ҚОНАҚ КҮТУ МЕН ҚОНАҚҚА БАРУ

Қонақжайлылық – қазақ халқының ғасырлар бойы сақталып келе жатқан асыл дәстүрі. «Қонақ келсе – құт келеді» деп сенген қазақ әр мейманды береке мен бақыттың нышаны санаған. Дастарқан жаю тек ас ұсыну емес, кеңпейілділік пен рухани байлықтың белгісі болған. Қонақты төрге шығарып, барын ұсыну арқылы үй иесі өз құрметі мен ұлттық болмысын танытқан. Бұл дәстүр ислам тағылымымен де үндесіп, қазақ мінезінің айнасына айналған.

Жаңалықтар
20 ақпан 2026 5
МЕЙІРІМ ҺӘМ КЕШІРІМ АЙЫ

Бұл – тозақ отынан азат етіліп, күнәлар мен қателіктер кешірілетін, сауаптар еселеніп, дәрежелер көтерілетін, жақсылық пен қайырымдылықтың, сабыр мен шүкіршіліктің, мейірім мен кешірімнің айы.

Жаңалықтар
20 ақпан 2026 6
«Зекет» қоры Рамазанның алғашқы күнінде ауызашар беріп, мұқтаж жандарға көмек көрсетті

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде «Зекет» қайырымдылық қоры Астана қаласындағы Пригородный тұрғын алабында орналасқан «Zeket Hub Express» орталығында алғашқы ауызашар дастарқанын ұйымдастырды. Сонымен қатар мұқтаж және аз қамтылған отбасыларға «Рамазан қоржыны» таратылды.

Жаңалықтар
20 ақпан 2026 128
Рамазанның алғашқы күні көп балалы отбасыға қаржылай көмек көрсетілді

Рамазан айының алғашқы күнінде қайырымдылық пен жанашырлықтың жарқын үлгісі көрсетілді. Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» мекемесінің жастар ұжымы көп балалы, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыға 700 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.

Жаңалықтар
20 ақпан 2026 56
Рамазан – мұсылман үмбетіне берілген ең ұлы нығметтердің бірі

Рамазан айы – тек ораза ұстайтын уақыт қана емес, ол – рухани тазару, тәубе, сабыр, Құранмен қауышу, тақуалықты арттыру айы. Сондықтан Рамазанға дайындық – әрбір мұсылманның саналы түрде атқаратын маңызды міндеті.

Жаңалықтар
20 ақпан 2026 36
Ораза мәселелері пәтуалары таныстырылды

Ақтөбе облысы қала, аудан, ауыл мешіттерінің имамдары күнделікті және жұма намаздан кейін діни сұрақтарға жауап беруге арналған «Пәтуа сағатын» өткізуде. Бұл жолы жамағатқа Рамазан айындағы діни мәселерге қатысты пәтуалар таныстырылып, кеңінен түсіндірілді.