«Зекет» қоры Рамазанның алғашқы күнінде ауызашар беріп, мұқтаж жандарға көмек көрсетті
Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде «Зекет» қайырымдылық қоры Астана қаласындағы Пригородный тұрғын алабында орналасқан «Zeket Hub Express» орталығында алғашқы ауызашар дастарқанын ұйымдастырды. Сонымен қатар мұқтаж және аз қамтылған отбасыларға «Рамазан қоржыны» таратылды.



































