Жаңалықтар
25 желтоқсан 2020 236
Ақтөбе: «МантыОтЖанат» кәсіпорыны халал сертификатын алды

ҚМДБ «Халал Даму» бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша өкілінің жүйелі жүргізген жұмыстарының нәтижесінде Ақтөбе қаласында тағы бір кәсіпорынына халал сертификаты табысталды. Жергілікті мұсылман жамағат ендігі кезекте «МантыОтЖанат» атты атпен танымал сауда орынының ет өнімдерін пайдалана алады.

Жаңалықтар
23 желтоқсан 2020 114
ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУ ОРТАЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында ҚР Үкіметі анықтаған сәйкестікті бағалау аясындағы аккредиттеу жөніндегі жалғыз ұлттық орган Ұлттық аккредиттеу орталығының жауапты қызметкерлерімен кездесу өтіп, «Халал» өнімдерін сертификаттаумен айналысатын мекемелерді аккредиттеуге қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Жаңалықтар
23 желтоқсан 2020 114
«АҚТӨБЕ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚУ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Айтулы шараға Бас мүфтидің кеңесшісі Балтабай Мекежанов, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов, Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков, Алға ауданының әкімі Мамырғали Аққағазов және өзге қалалардан келген қонақтар мен ауыл ақсақалдары қатысты.

Жаңалықтар
23 желтоқсан 2020 120
Маңғыстау мешіттері самаладай жарқырады

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай Маңғыстау облысындағы бірқатар мешіт, атап айтқанда, Маңғыстау ауданындағы Шетпе ауылдық мешіті, Түпқараған ауданындағы Таушық ауылдық мешіті күрделі жөндеуден өтті.

Жаңалықтар
12 желтоқсан 2020 154
«Ақтөбе» медресесінің директоры Президент алғыс хатын алды

Елордада өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына арналған «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында еліміздің көрнекті діни оқу орындарының бірі саналатын «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры, ұстаз Әбдімүтәлі Дәуренбеков марапатталды.

Жаңалықтар
12 желтоқсан 2020 198
Ақтөбе облысының Бас имамы марапатталды

Ақтөбе облысының Бас имамы Төлеби Оспан Елордада өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына арналған «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумына қатысты.

Жаңалықтар
11 желтоқсан 2020 115
ҚМДБ: ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПКЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен жылдық есепке арналған кеңейтілген төралқа мәжілісі басталды. Мәжіліске наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ бөлім меңгерушілері мен облыстың бас имамдары қатысуда.

Жаңалықтар
11 желтоқсан 2020 109
БАС МҮФТИ XVI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ресей мұсылмандары діни басқармасы мен Халықаралық мұсылмандар форумы секретариатының ұйымдастыруымен онлайн форматта өтіп жатқан «Мәдениеттер тоғысы: пандемия жағдайындағы діни этика» тақырыбындағы XVI халықаралық форумына қатысты.

Жаңалықтар
11 желтоқсан 2020 79
IV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИМАМДАР ФОРУМЫНЫҢ ҮНДЕУІ ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)

Елордада өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына арналған «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумы қорытындысы бойынша арнайы үндеу қабылданды. Үндеуді ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мажиев таныстырды.